
Шығыс Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Университет ұжымын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады.
Бүгінгі таңда Amanzholov University – Шығыс Еуропа және Орталық Азия университеттері арасында үздік ТОП-300 QS рейтингінде 251-орынға жайғасқан әлемдік деңгейдегі ғылыми-білім беру орталығы. Сондай-ақ, білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік өткізген Қазақстанның үздік университеттерінің Ұлттық рейтингінде көпсалалы университеттер арасында алғашқы бестікке кіреді.
Министрге «Dana bala» инклюзивті білім беру орталығы, жаңа атаулы зертханалар таныстырылып, машина жасау, материалтану, энергетика, биотехнология, гуманитарлық саладағы ғылыми жұмыстар көрсетілді. Министр сирек кітаптар қорына, фитнес-орталыққа барып, жатақханаларды аралады.
Ғылым және жоғары білім министрінің сапары салтанатты концертпен жалғасты, шарада Аmahzholov University оқытушыларын жоғары наградалармен марапаттады. Университетінің үздік педагогтері мен ғалымдарының еңбегін министрлік жоғары бағалады. Ең талантты және келешегі зор профессорлар мен ғалымдарға ЖОО-ның 70 жылдығына арналған медальдар, сондай-ақ алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.