
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне барды. Университет ректоры Ибатов Марат министрді орталық кампуспен, инновациялық инфрақұрылыммен, ғылыми және білім беру жобаларымен, университеттің жетекші ғалымдарымен таныстырды.
Ең алдымен, министр университеттің негізін қалаушы Ә.С. Сағынов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында академиктің шәкірттері мен замандастары салған «Профессорлар аллеясы» бойымен жүріп өтті.
Университеттің «Армандастар Ордасы» студенттік жатақханасында министр білім алушылармен кездесті. Тамаша дәріске үйлесімді өткен студенттермен, магистранттармен және докторанттармен өткен еркін диалогта оларға қазіргі заманғы ғылым мен білім берудің проблемалары мен даму перспективаларын, болашақ маманның негізгі құзыреттерін қалыптастыруды терең талдау ұсынылды.