BFUG, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

BFUG, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да BFUG, Орталық Азия елдерінің министрліктері мен университеттерінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігін дамыту перспективаларына арналған.

Іс-шараға Шур Берган, Байба Рамина, Магали Сонен, Катя Долгова-Дрейер, Кинга Жули, Джорди Ломбарт секілді халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Тәжікстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Абдулзода Зиёдулла Назар, Қырғызстан мен Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің ректорлары, Орталық Азия елдерінің білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде 2000 жылғы 13 маусымдағы ҚР Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.