
ЖАТАҚХАНАЛАР
Маңызды мәселелердің бірі - студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету.
2018-2021 жылдар аралығында барлығы 30 630 төсек-орыны бар 124 жатақхана пайдалануға берілді (20 991 орындық 85 мемлекеттік, 9 639 орындық 39 жекеменшік).
Енгізуге жоспарланған төсек-орындардың 63%-ы жеке инвесторлардың қаражаты есебінен іске асырылуда.
📌Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тарта отырып, жатақханалар құрылысының тартымдылығы мен тиімділігін арттыру үшін мыналар ұсынылады:
1️⃣Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етудегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде жеке инвесторларға қарастырылған амортизациялық төлемдерді 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту, бұл ретте төлемдер көлемін 20%-ға ұлғайту.
2️⃣Амортизациялық төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін және жатақхананың нысаналы мақсатының өзгермейтініне ауыртпалық салу мерзімі аяқталғанға дейін операциялық шығындардың бір бөлігін өтеу ұсынылады.
Бұл республикалық бюджеттің нысаналы құрылысқа арналған шығыстарын оңтайландыруға, шағын және орта бизнес инвестицияларын жандандыруға мүмкіндік береді.
✅Жатақханалармен қамтамасыз еткен жағдайда мемлекеттік грант алу үшін ЖОО-на қойылатын талаптар нормативтік тұрғыдан бекітіледі.