
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбек Жамбыл облысындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында ірі биоинженерлік өнеркәсіптік кешенді іске асырып жатқан Shengtai Biotech Co., Ltd. компаниясының делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында компания өкілдері болашақ өндіріс үшін білікті кадрлар даярлау мәселесін көтеріп, инженерлерге, биотехнологтарға және химиялық-технологиялық сала мамандарына деген қажеттіліктің жоғары екенін атап өтті.
Министр Саясат Нұрбек министрліктің қажетті қолдау көрсетуге және компания мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Ол қажетті бағыттар бойынша кадр даярлау үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ кәсіпорын базасында өндірістік практика мен тағылымдамаларды ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мамандарды даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру және білім беру бағдарламаларын өндіріс талаптарына бейімдеу бағытындағы алдағы қадамдарды бірлесіп пысықтауға келісті.