
Еуропалық одақтыӊ Horizon Europe негіздемелік бағдарламасыныӊ 2026–2027 жылдарға арналған 4-кластері (Цифрландыру, өнеркәсіп және ғарыш) бойынша жұмыс бағдарламасы ресми түрде жарияланды.
Құжатта жоспарланған байқаулар, тақырыптық бағыттар және Horizon Europe бағдарламасы шеңберіндегі консорциумдарға қатысуға қойылатын талаптар қамтылған.
Жұмыс бағдарламасының жариялануына орай конкурстарға бірлесіп қатысу үшін серіктестерді іздеу платформасы қолжетімді болды. Ғылыми ұйымдарға өздерінің ұйымдық профильдерін, жоба тұжырымдамаларын уақтылы орналастырып, серіктестік желілерін қалыптастыруды бастау ұсынылады.
Серіктестерді іздеу және профильдерді жариялау платформасы:
https://www.b2match.com/e/cl4-digital2026-matchmaking
Алдағы апталарда Еуропалық комиссия жұмыс бағдарламасына және серіктестерді іздеуге қатысты қосымша іс-шараларды жариялауды жоспарлап отыр. Іс-шараларға шолу және тіркелу келесі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://research-and-innovation.ec.europa.eu/events/horizon-europe-info-days_en
Horizon Europe – бұл 2021–2027 жылдарға арналған ЕО-ның 95,5 млрд еуро жалпы бюджеті бар зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыруға бағытталған ең ауқымды бағдарламасы. Бағдарлама жаһандық сын-қатерлерді (климат, денсаулық, цифрландыру) озық ғылымды, бәсекеге қабілеттілікті және инновацияларды қолдау арқылы шешуге бағытталған және түрлі елдердің ұйымдары мен зерттеушілерінің қатысуына мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Орталық Азия ұйымдары үшін қолайлы мүмкіндік кезеңі ашылуда: Кластер 4 конкурстарына арналған болашақ консорциумдарда стратегиялық позицияларды ертерек иеленіп, еуропалық әріптестер арасында өз көрінуін арттыруға болады.
Жұмыс бағдарламасы келесі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://ec.europa.eu/info/funding-tenders/opportunities/docs/2021-2027/horizon/wp-call/2026-2027/wp-7-digital-industry-and-space_horizon-2026-2027_en.pdf