
ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Алтыншы қола медальді таеквандо жарысынан Бейбарыс Қаблан иеленді.
Жартылай финалда Бейбарыс Қаблан Оңтүстік Кореядан келген спортшыдан басым түсіп, қола медальді жеңіп алды.
Еске сала кетейік, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада 16 шілдеде басталған болатын. Байрақты бәсеке 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.