
2025 жылғы 8 тамыз сағат 16.30-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №5 оқу ғимаратында өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-29 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді d.ordabaeva@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.