
2025 жылғы 1 тамыз сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұловтың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Түркістан қаласы, Рәбиға Сұлтан Бегім 14 а, Халықаралық туризм және меймандостық университеті мекенжайы бойынша өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-29 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді d.ordabaeva@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.