Бүгінгі таңда республикада 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 10 зерттеу жоғары оқу орны және 23 шетелдік университет филиалдары бар. 2024-2025 оқу жылында азаматтық жоғары оқу орындарында 680 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде 624500 бакалавриатта, 39200 магистратурада, 7600 докторантурада және 8900 резидентурада білім алып жатыр.
Биылғы көрсеткіштер бойынша шетелдік студенттер саны 31,5 мыңды құрайды. Алғаш рет Азия елдерінен келген студенттер саны ТМД елдерінен келген білім алушылар санынан асып түсті: Азия елдерінен – 17456 адам, ТМД елдерінен – 12816 адам.
Биылғы ЖОО түлектерінің саны 177586 адамды құрайды. Оның ішінде бакалавриат бойынша 149160, магистратура, резидентура – 26093, докторантура – 2333 адамды құрайды.
Түлектердің басым бөлігі келесі бағыттар бойынша маманданды. Педагогикалық мамандықтар бойынша – 48428, бизнес, басқару және құқық – 24666, инженерлік ғылымдар – 24320, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 13393, денсаулық сақтау – 10300 және ауыл шаруашылығы – 1776 студент.
Соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93116 грант бөлінді (бакалавриат – 77084, магистратура – 13113, докторантура – 2919). Сонымен қатар биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі.
Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52372 теңге, магистратурада 117098 теңге және докторанттар үшін 262500 теңгені құрайтын болады. Яғни, ағымдағы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады.
Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82500-ден 2024 жылы 14873-ке дейін азайды. Осы ретте, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.
2025 жылы 217 мыңға жуық талапкер оқуды бітіреді, оның ішінде 183 мың адам ҰБТ-ға тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда тестіленушілердің саны 30 мыңға артты.