Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес жоғары білім және ғылым саласында 26 қызмет көрсетіледі.

Тізілімге сәйкес 26 қызметтің 8 (31 %) қызметі «электрондық үкімет» порталында электрондық түрде көрсетілуге жатады, 17 (65%) мемлекеттік қызметтің баламалы нысаны бар, 1 (4 %) қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің қағаз нысанын ғана сақтайды. Министрліктің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру деңгейі 96% құрайды (26 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет, оның ішінде 2 пилоттық қызмет Ғылым комитеті)

Толық автоматтандырылған 8 мемлекеттік қызмет: «Болашақ халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшн құжаттар қабылдау», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру», «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың мәліметтерін өзектендіру (түзету)», «Мемлекеттік ғылыми-техникалқ сараптама өткізу».

Ішінара автоматтандырылған 17 мемлекеттік қызмет: «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету», «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру», ««Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру», ««Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру», ««Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру», «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Шетелде академиялық ораламдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою», «Жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну», «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу».

Қағаз түрінде 1 мемлекеттік қызмет: «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу.

2024 жыл қорытындысы бойынша барлығы 559 982 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз жүзінде – 23 793, электронды түрде – 525 201, Мемлекеттік корпорация арқылы – 10 988 қызмет көрсетілді.

Есептік кезеңде көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:

- білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім туралы құжатты беру фактісін растамау не тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;

- ұсынылған құжаттардағы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы;

- мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың теріс қорытындысы.

Министрліктің халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтері:

- Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

- Білім беру гранттарын беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;

- Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру.

Дата публикации
16 мая 2025