«Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық деректер қоры

«Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық деректер қоры – бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген цифрлық база, ол еліміздің жоғары білім беру жүйесіне қатысты мәліметтерді біріктіреді.

Платформа жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер контингенті, ғылыми-зерттеу қызметі және басқа да негізгі көрсеткіштер бойынша жан-жақты ақпарат ұсынады.

Платформаға келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://epvo.kz.

Дата публикации
14 мая 2025