Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы 16 сәуір күні сағат 16:00 онлайн режимде (Qosyl арқылы) «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау» бойынша реттеушілік әсерді талдауға қоғамдық талқылау өткізетіндігін хабарлайды.
Реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны туралы жалпы мәлімет «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: 74-03-42, 8 (777) 189-41-92, Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы Сұлтан Ернияз.