«Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығы жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толқытырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағына сәйкес орындау үшін «Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесін  қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құрудың мақсаты – қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тілінің барлық қолданыс аясын қамтитын ресурстарды жинақтау, тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры академиялық және аударма сөздіктер, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, терминологиялық база және түрлі форматтағы мәліметтер жиынтығы болып табылатын датасет негізінде қалыптастырылады.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде құрылады.

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15471114

Дата публикации
28 марта 2025