«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның 17-бабына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту және азаматтығын қалпына келтіру негіздеріне қатысты түзетулер енгізілді. Аталған бап «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білмесе, оның өтінішхаты қабылданбайды» деген жаңа 14) тармақшамен толықтырылды.

Осы заң нормасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Аталған жоба Ашық НҚА порталында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15362285).

Дата публикации
18 марта 2025