Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасында «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлға ретінде «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы айқындалып отыр.
Аталған қоғам ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асырады.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау мақсатында ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 2025 жылғы 30 қаңтардан 13 ақпанға дейінгі аралықта орналастырылды.