«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Құжаттарды белгіленген уақытта мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ., 71, Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: +7 701-801-86-88.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.
Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
3) ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмағандар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағандар;
3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Бекітілген үлгідегі өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса қызмет тізімі;
4) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);) құжаттарды ұсынған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде берілген;
7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
10) ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуын растайтын құжаттар (Басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректор лауазымына конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін).
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі (2024 жылғы 23 қыркүйектен 12 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады).