«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірілескен бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Цифрлық ғылыми портал құру қажеттілігі туралы 2024 жылғы 9 ақпандағы № 24-15-1.2 тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім, цифрлык даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері бекіткен 2024 жылғы
4 сәуірдегі № 16-04/05-3930 (2.3-т.), 1198//24-15-1.2-4 Цифрлық ғылыми портал құру жөнідегі Жол картасының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету реинжинирингі, сондай-ақ конкурсқа енгізілетін материалдар сараптамасының ашықтығы және сапасын арттыру, конкурстық процесті жетілдіру болып табылады.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15207019) 2024 жылғы
19 қыркүйекте орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 3 қазан.

Жобаны талқылауға барлық ниет білдірген азаматтар қатыса алады.

 

Дата публикации
25 сентября 2024