Баға ұсыныстарына сұраным (БҰС)

Техникалық тапсырма  «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының құжаттарды мұрағаттық (ғылыми-техникалық) өңдеу жөніндегі қызметтер

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2017 жылғы 21 тамыздағы №8709-KZ Қарыз туралы келісім

Құжаттама бірліктерінің жалпы саны*: 700 іс.

1.Құжаттарды мұрағаттық (ғылыми-техникалық) өңдеуке қойылатын талаптар:

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасының құжаттарды мұрағаттық (ғылыми-техникалық) өңдеу жөніндегі қызметтер (бұдан әрі — Қызметтер).

Істердің құрамы мен саны:

-Басқару құжаттамасы;

-Ғылыми-техникалық құжаттама.

Құжаттарды мұрағаттық өңдеу жөніндегі қызметтер мынадай кезеңдерді қамтиды:

Құжаттардың шығу тегі, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері критерийлерін кешенді қолдану арқылы құжаттардың құндылығын сараптау (олардың құндылығын айқындау мақсатында құжаттарды парақтап қарау арқылы);

- істерді жылдар бойынша/объектілер бойынша ретке келтіру және жүйелеу;

-құжаттарды шашыратудан істерді қалыптастыру және қайта құру;

-істер ішіндегі құжаттарды жүйелеу;

-істердің тақырыптарын жасау;

-мұқабалар мен титулдық парақтарды безендіру;

істердегі парақтарды нөмірлеу;

-куәландырушы парақтарды, бұйрықтар мен өзге де істерге ішкі тізімдеме жасау,

істерді картоннан түптеуге тігу, жібек жіппен тігу, бір істе 180 парақтан артық емес болуға тиіс (4 см-ге дейін);

-басқарушылық құжаттаманың істер тізімдемесін жасау, ғылыми-техникалық құжаттаманың тізімдемесін жасау; тізімдемелерге алғысөзді, тарихи анықтаманы жасау;

Байламдарға (қораптарға)жапсырмалар жазу;

- Сақтауға жататын істердің байламдарын (қораптарын) қалыптастыру; 

-Сақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актілер жасау; 

Құжаттар мен істерді ретке келтіруді аяқтау туралы актілер жасау.

Өңделетін құжаттаманың кезеңі: 2018-2024 жж.

Қызметтер ҚР Мұрағат заңнамасының қағидаларына, оның ішінде "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" PK Заңына, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне және қабылдау, сақтау, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың есепке алуы және пайдалануы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

2. Келісімшартты орындау шарттарына қойылатын талаптар Төлем шарттары - қызмет көрсету фактісі бойынша;

Қызмет көрсету үшін қажетті өз шығын материалдарын және Орындаушының басқа да материалдарын пайдалану.

3. Қызмет көрсету орны:

Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 45 үй, 13 қабат, 1313 кеңсе.

4. Қызмет көрсету мерзімі:

келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2024 жылғы 21 қазанға дейін.

Дата публикации
21 августа 2024