Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрілі «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы, 3-тармағының 5) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысы 2-тармағының 4) тармақшасы негізінде әзірленді.
Жоба конкурсқа енгізілетін материалдар сараптамасының сапасын арттыру және мемлекеттік ғылыми стипендиялар, ғылым саласындағы сыйлықтар алуға конкурстық процесін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15171070) 2024 жылғы
16 тамызда орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйек.
Жобаны талқылауға барлық ниет білдірген азаматтар қатыса алады.