«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрілі «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығын «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15101543) 2024 жылғы
26 маусымда орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 11 шілдесі.
Жобаны талқылауға барлық ниет білдірген азаматтар қатыса алады.