Аударма ісі саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясында аударма ісі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Салалық кеңес) құрамын бекітуді жоспарлап отыр.
Салалық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:
- мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
- мемлекеттік орган әзірлеген кәсіби стандарттарды келіседі;
- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
- мемлекеттік органның кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстарын және басқаларын келіседі.
Осыған орай салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін мыналарды ұсынуды сұраймыз:
1) жазбаша өтініш (өтініш нысаны қоса беріледі);
2) аударма ісі саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).
Салалық кеңестің құрамына:
1) мемлекеттік органынан;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан;
3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органынан;
4) жұмыс берушілерден;
5) салалық кәсіптік одақтардан (бар болса);
6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінен (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдарынан (бар болса);
7) аударма ісі саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарынан өкіл саны екі адамнан аспайтынын атап өтеміз.
Кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен оларға қоса берілген құжаттарды салалық кеңестің құрамына енгізу үшін 2024 жылғы 03 сәуірге дейінгі мерзімде g.madanova@sci.gov.kz электрондық мекенжай бойынша ұсынуды сұраймыз.
Қосымша: өтініш формасы.