Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын үй алабы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимараты.
Кəсіпорын қызметінің негізгі мəні мен мақсаты – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру сапасын арттырудың ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасындағы студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісінің енгізілуі болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы, кәсіпорнының бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы және «Іскерлік әкімшілік ету магистрі» ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімінің болуы мүмкін.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментіне (943-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-17.