Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 4 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес жоғары білім және ғылым саласында 26 қызмет көрсетіледі.

Тізілімге сәйкес 26 қызметтің 5 (19 %) қызметі «электрондық үкімет» порталында электрондық түрде көрсетілуге жатады, 18 (69 %) мемлекеттік қызметтің баламалы нысаны бар, 3 (12 %) қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің қағаз нысанын ғана сақтайды.

Толық автоматтандырылған 5 мемлекеттік қызмет: «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру; Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру; Білім туралы мәліметтерді өзектендіру, Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

Ішінара автоматтандырылған 18 мемлекеттік қызмет: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін құжаттарды қабылдау және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін құжаттарды қабылдау және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға шығатындар үшін кепілдік хат ұсыну, «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын аванстау, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берілген жылжымайтын мүлік кепілі шартын беру, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүліктен кепілдің тоқтатылғаны туралы хабарлама беру, халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, Білім туралы құжаттарды тану, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу, Ресми құжаттарға апостиль қою, білім беру ұйымдарынан шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ адамдарға тегін тамақ беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеу.

Қағаз түрінде 3 мемлекеттік қызмет: Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау; Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу.

2023 жылдың 4 тоқсанның қорытындысы бойынша барлығы 14833 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 10734,
заңды тұлғаларға – 4123.

2023 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар саны 544 құрайды, оның ішінде 514 - жеке тұлғалар, 30 - заңды тұлғалар.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:

білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім туралы құжатты беру фактісін растамау не тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;

ұсынылған құжаттардағы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы;

мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың теріс қорытындысы.

Министрліктің халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтері:

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

Білім беру гранттарын беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;

Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру.

 

 

отчет
Дата публикации
19 января 2024