Ішкі мемлекеттік аудиттің 2023 жылғы төртінші тоқсандағы қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2023 жылғы екінші тоқсанда 4 аудиторлық іс-шараны келесі объектілерде жүргізді:

  1. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы;
  2. «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
  3. «А. Х. Марғұлан атындағы археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
  4. «Өсімдіктер биологиясы және Биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Аудиторлық іс-шаралар бухгалтерлік есепті жүргізу, даму жоспарларын жоспарлау және орындау, ғылыми жобаларды іске асыру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, активтерді пайдалану кезінде рәсімдік бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтады.

Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берудің себептері ішкі бақылаудың әлсіз жүйесі, жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттеріне тиісінше қарамау, нормативтік құқықтық актілерді және аудит объектілерінің ішкі құжаттарын дұрыс қолданбау болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, сондай-ақ бизнес-процестерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жіберілді.

 

Дата публикации
08 января 2024