«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасы

«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін

алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер:

Жоба «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы                              16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Қаржыландыру талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де жағымсыз салдарға әкеп соқпайды.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері.

Жобаның мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер.

Жоқ.

  1. Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) немесе мұндай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылғы «27» қарашада орналастырылған. Байт көлемі: 358 КБ.

  1. Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат.

www.gov.kz сайтында 2023 жылғы «27» қарашада орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері.

Көзделмеген.

 

         

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрі                  

Бұйрық жобасы
Дата публикации
27 ноября 2023