Ғылым және жоғары білім саласы бойынша кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі – салалық кеңес) Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Мемлекеттік орган салалық кеңесті өзі жетекшілік ететін ғылым және жоғары білім саласын ескере отырып, салалық бағыт бойынша құрады.
Салалық кеңестің құрамына тиісті ғылым және жоғары білім саладағы тәуелсіз сарапшыларын қосуға жол беріледі.
Салалық кеңестің бекітілген құрамының өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Салалық кеңес құрамына:
1) мемлекеттік органның;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;
4) жұмыс берушілердің;
5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);
6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);
7) тиісті салада (аяда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі кіреді.
Салалық кеңестің мақсаты мемлекеттік басқарудың ғылым және жоғары білім саласында кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін салалық кеңестер:
1) мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
2) мемлекеттік орган әзірлеген кәсіптік стандартты келіседі;
3) мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
4) мемлекеттік органның кәсіптік стандартты әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
5) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша мемлекеттік органның ұсыныстарын келіседі.