«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығы) жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасы ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми-инновациялық жүйесі мен ғылыми-технологиялық саясатының жұмыс істеуі мен дамуының негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайтын болады.
Заң жобасы мынадай жаңа нормаларды көздейді:
- ғылымды басқару моделін жетілдіру;
- іске асыруға ұсынылатын ғылыми зерттеулердің негізділігі мен технологиялық дайындығын бағалаудың жаңа тетіктерін енгізу (ЭЫДҰ елдерінде пайдаланылатын TRL енгізу);
- ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғылымды қаржыландыру түрлерінің құрылымына ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды енгізу;
- Ғылым қорының коммерцияландыруға жататын жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі функционалын күшейту;
- ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының функцияларын заңнамалық бекіту, оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы (ПЦФ) үшін ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша қорытындыларды қарау және әзірлеу;
- қазақстандық ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ететін бизнес үшін салықтық жеңілдіктер беру;
- жас ғалымдарды қоса алғанда, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту.
Заң жобасы 57 баптан тұрады, сондай-ақ ілеспе заң жобалары шеңберінде Қазақстан Республикасының 15-тен астам кодекстері мен заңдарына 80-ге жуық өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Дата публикации
06 сентября 2023