Баға ұсыныстарына сұраным

Баға ұсыныстарына сұраным

 

  1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде Сізді Тапсырыс беруші және Жобаны басқару тобы мамандарының әлеуетті арттыру курстарын ұйымдастыру үшін логистикалық қызметтерге баға ұсынысын ұсынуға шақырады. Қызметтердің толығырақ сипаттамасын № KZEMP/SH-13-2023 Қызмет көрсету шарты жобасының (бұдан әрі – Шарт) 1-қосымшасынан таба аласыз, ол баға ұсыныстарын сұранымға қосымшада ұсынылған.
  2. Қоса берілген нысандарға сәйкес дайындалған баға ұсынысын жіберуіңізді сұраймыз. Ұсыныстың жалпы құны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен төлемдерді қамтуға тиіс. Баға ұсыныстарын бағалау кезінде Тапсырыс беруші келесі жағдайларда кез келген арифметикалық қателерге түзетулер енгізіп баға ұсынысын түзету арқылы әрбір баға ұсынысы үшін ең төмен бағаланған құнын анықтайды:
  • цифрлар мен сөздердегі сомалар арасында сәйкессіздік болса, сөзбен көрсетілген сома шешуші болады;
  • егер бірлік бағасы мен тауар бірлігінің бағасын санға көбейту арқылы алынған өнім бірлігінің бағасы арасында сәйкессіздік болса, жарияланған бірлік бағасы реттеледі;
  • егер қатысушы түзетуді қабылдаудан бас тартса, оның өтінімі қабылданбайды.
  1. Саудаластыққа қатысушылар бір ғана баға ұсынысын, балама ұсыныстарды немесе тұруға, билеттерге және т.б баламаларды ұсынса, қабылданбайды және қарастырылмайды.
  2. Бағалау бойынша № KZEMP/SH-13-2023 Қызмет көрсету шартының 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін ең төменгі бағаны ұсынған компания Шарт талаптары бойынша келіссөздерге шақырылады.
  3. Сіздің баға ұсыныстарыңыз баға ұсынысын алған соңғы күннен бастап 30 күн ішінде жарамды болуы керек.
  4. Тапсырыс беруші кез келген баға ұсынысын қабылдау немесе қабылдамау, сондай-ақ іріктеу процесін тоқтату және келісім-шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта барлық өтінімдерден бас тарту құқығын өзіне қалдырады, соған саудаласттыққа қатысушылар алдында ешқандай жауапкершілік көтермейді.
  5. Баға ұсынысына уәкілетті өкіл қол қоюы және eduproject2022@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі немесе келесі мекенжайға қолмен жеткізілуі керек:

 

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы

Жобаны басқару тобы

Қазақстан Республикасының  Ғылым және жоғары білім министрлігі ММ

Астна қ.,Сыганак көшесі, 45, «Пекин Палас» БО, 13 қабат, офис 1313

Тел.: 8(7172) 725741, 

E-mail: eduproject2022@gmail.com      

  1. Баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 28 тамызы.

 

 

 

 

 

Баға ұсыныстарына сұраным
Дата публикации
23 августа 2023