Баға ұсынысын сұрау (БҰС)

Баға ұсыныстарына сұраным (БҰС)

 

 

Жоба атауы: «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы (әрі қарай - Жоба).

Қаржыландыру көзі: ХҚҚДБ-ның №8709-KZ Қарызы

Келісімшарт нөмірі: KZEMP / SH-11/2023

 

Құрметті Жеткізуші!

 

  1. Төмендегі тізімде берілген тауарлар бойынша баға ұсынымдарыңызды беруіңізді сұраймыз:

                          

Кеңсе тауарлары (KZEMP/SH-11/2023)

 

Техникалық сипаттамалары және қажетті мөлшерлері туралы ақпарат тіркеледі (1-Қосымша).

 

  1. Сіз сұрауда көрсетілген барлық тауарлардың бағасын көрсете аласыз. Көрсетілген бағаларды бағалау барлық атаулар бойынша бірге жүргізіледі және келісімшарт барлық атаулар бойынша ең төменгі бағаланған жалпы бағаны ұсынатын фирмаға беріледі.

 

  1. Баға ұсынысыңызды электрондық пошта арқылы немесе төмендегі мекенжайға қолмен жеткізе аласыз:

 

Қазақстан Республикасының  Ғылым жыне Жоғары Білім Министрлігі

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы

010000, Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі,10

«Kazyna Tower» БО, 10 қабат, офис 1004

Жобаны басқару тобы

Тел.: 8(7172)645796

E-mail: eduproject2022@gmail.com  

 

  1. Сіздің баға ұсынысыңызда әр ұсынылған тауардың атауы бойынша тиісті техникалық сипаттамасы қоса тіркелуі тиіс.

 

  1. Баға ұсынысын осы Сұранымның 3 тармағында көрсетілген мекенжайға 2023 жыл «23» маусым сағат 18.00-ге дейін жіберуіңіз қажет.

 

  1. Баға ұсынымыңыз төмендегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынуы қажет және жеткізілу мерзімдер мен шарттар талаптарына сәйкес болу керек. Баға ұсынысы және оның қосымшалары қолтаңба және мөрмен күәландыруы қажет.

 

  • БАҒАЛАР. Бағалар теңгемен көрсетілуі тиіс, техникалық сипаттамаға сәйкес (1-қосымша) сәйкес жеткізілім кезінде бұзылуы немесе зақымданудың қауіп-қатерін қоса алғанда, тағайындалған тармақта жеткізуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті салықтарды және төлемдерді қамтиды.
  • БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН БАҒАЛАУ. Мәні бойынша техникалық сипаттама талаптарына сай келетін баға ұсыныстары бағаларды салыстыру арқылы бағаланатын болады.

 

Баға ұсыныстарын бағалауда Тапсырыс беруші төмендегі амал бойынша кез келген арифметикалық қателерді түзету арқылы әрбір ұсыныс үшін бағалау құнын анықтайды:

  • санмен және жазумен жазылған сомалар арасында сәйкессіздік болса, сөзбен жазылған сома шешуші деп есептелінетін болады;
  • бірлік үшін баға мен бірлік бағасын санға көбейткеннен пайда болатын жалпы құн арасында сәйкессіздік болса, бірлік үшін көрсетілген баға шешуші болып естелінетін болады;
  • түзетуді қабылдаудан бас тартқан Жеткізушінің баға ұсынысы қабылданбайтын болады.

 

(iii) КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСУ Келісімшарт ең төмен бағаланған құнды (бағаны) ұсынған, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің қажетті стандарттарына сәйкес келетін қатысушымен жасалатын болады. Сәтті қатысушы тіркелген нысандары мен мерзімдеріне және шарттарына сәйкес келісім-шартқа қол қояды.

 

    (iv) ҰСЫНЫСТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ Баға ұсыныстарыңыз  Баға ұсыныстарына сұранымның 5-тармағында көрсетілген ұсыныс (ұсыныстар) жіберілген соңғы мерзімнен бастап  қырық бес (45) күн бойы жарамды болуы тиіс.

 

  1. 7. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

 

«Қазақстан Республикасының  Ғылым жыне Жоғары Білім Министрлігі» ММ

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы

010000, Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі,10

«Kazyna Tower» БО, 10 қабат, офис 1004

Жобаны басқару тобы

Тел.: 8(7172)645796

E-mail: y.tikzhanov@eduproject.kz

 

Тикжанов Ерлан

Жобаны басқару тобының жабдықпен жарақтандыру жөніндегі маман

 

Баға ұсынысын сұрау (БҰС)
Дата публикации
16 июня 2023