МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ ШАҚЫРУ
Мемлекет: Қазақстан Республикасы
«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы
Қарыз № 8463-KZ
Тапсырманың атауы: Ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жақсарту
Контракт № KZEMP/QCBS -11 (сатып алу жоспарына сәйкес)
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша шығыстарды жабуға Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен (бұдан әрі - Дүниежүзілік Банк) қаржыландыру алды.
Жобаның мақсаты бастауыш және орта білім беруде, атап айтқанда ауылдық мектептерде сапаны арттыру және теңдікке қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) атқарушы агенттік болып табылады.
ҚР ҒЖБМ ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жақсарту бойынша консультациялық қызметтерге қаражаттың бір бөлігін пайдалануды көздеп отыр.
Аталған консультациялық қызметтердің мақсаты білім беру жүйесінің бағалау күшейту төменде көрсетілген қызметтер көмегімен: 1) ҰБТ-дің тест тапсырмаларын әзірлеушілерді оқыту; 2) ҰБТ үшін 5000 нан кем емес тест тапсырмаларын және тесттер мен тестілеу рәсімдерін әзірлеу үшін әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу; 3) ҰТО мамандарының тестілеуді дайындау мен ұйымдастырудағы әлеуетін арттыру.