Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 62-тармағын орындау үшін «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және «Нысаналы капитал қорларының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларына Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (бұдан әрі – РСКҚ) әзірлегенін хабарлайды.
РСКҚ-да ұйымдық құқықтық нысанның, ұйымдық құрылымның, эндаумент-қорлардың активтері мен тәуекелдерін басқарудың проблемалық мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылады және жұмыс тобы мүшелерінің ұсынымдары мен озық халықаралық тәжірибе негізінде аталған проблемаларды шешу жолдары ұсынылады.
Осыған байланысты, Министрлік 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 12-тармағына сәйкес, РСКҚ-ты ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғанын жариялайды.
Министрлік азаматтар мен ұйымдарға РСКҚ-ты талқылауға белсенді қатысуды сұрайды.
РСКҚ-ға өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді РСКҚ орналастырылған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде ашық НҚА интернет-порталында орналастыра аласыз.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14501917
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.