ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ

№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ

 

 

Тапсырманың атауы:

Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі:

 

Жобаны басқару тобының білім беру ұйымдарын жабдықтармен қамтамасыз ету  бойынша маманы

 

KZEMP/PMU/IC-28

 

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

ҚР ҒЖБМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) білім беру ұйымдарын жабдықтармен қамтамасыз ету  бойынша маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

ЖБТ білім беру ұйымдарын жабдықтармен қамтамасыз ету  бойынша маманы (бұдан әрі – ЖБТ Маманы) ЖБТ құрамында (Астана қаласы) жұмыс істейтін болады. ЖБТ маманы «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» 1.3- кіші құрамдауыш шеңберінде педагогикалық бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарын оқулық кабинеттерімен жарақтандыру және «Инклюзивті білім беруді қолдау» 2.3 - кіші құрамдауыш аясында білім беру ұйымдарын арнайы жабдықпен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді. Маман іс-шаралардың негізгі индикаторларына қол жеткізуге және 1.3-пен 2.3-кіші құрамдауыштар шеңберінде іс-шараларды орындауға тартылған қосымша жалданған компаниялардың қызметін үйлестіруге жауапты болады.

 

Тапсырманың ұзақтығы

Тапсырманың ұзақтығы 2024 жылғы 30 маусымға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.

 

ҚР ҒЖБМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Жоғары техникалық, педагогикалық немесе әлеуметтік ғылымдар саласындағы білім – міндетті; Тиісті салада жоғары білімінің, магистр дәрежесінің, PhD, кандидаттың ғылыми дәрежесінің немесе ғылым докторы болуы басымды болады;
  2. Білім беру саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі (білім беру басқармасында болғаны дұрыс), білім беру ұйымдарына жабдықтар сатып алу және жабдықтармен қамтамасыз ету тәжірибес және тиісті техникалық құжаттаманы дайындау тәжірибесі. Инклюзивті білім беру саласындағы, оның ішінде ерекше білім қажеттілігі (ЕБҚ) бар балалармен тәжірибесі артықшылық болып табылады.
  3. Ауызша және жазбаша қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру. Ағылшын тілін білу-бұл артықшылық.

 

Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.

Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.

Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Астана қ.уақыты) 2023 жылғы 25 сәуірге дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "ЖБТ білім беру ұйымдарын жабдықтармен қамтамасыз ету  бойынша маманы бос лауазымына".

"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Tower" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе

E-mail: eduproject2022@gmail.com

Байланыс тел: 8 (7172) 645796

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ
Дата публикации
18 апреля 2023