ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ

№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ

 

 

Тапсырманың атауы:

Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі:

 

ЖБТ заңгері

 

KZEMP/PMU/IC-29

 

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК

 БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (бұдан әрі – ҚТК) сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті арттыру болып табылатын «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

 

ҚР ҒЖБМ жобаны басқару тобының заңгерінің консультациялық қызметтеріне қарыз қаражатының бір бөлігін пайдалануға ниетті.

Жұмыс көлемі:

Жобаны басқару тобының заңгері (бұдан әрі – ЖБТ заңгері) ҚР ҒЖБМ -ға (i) жоба шеңберінде және (ii) ҚТК-де көрсетілген шарттарға, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ кредиттері және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі Дүниежүзілік Банктің басшылығына (Консультанттарға арналған нұсқаулық), жобаны бағалау туралы құжатқа, жобаның Операциялық басшылығына, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық қолдау көрсететін болады.

ЖБТ заңгерінің міндеттеріне мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

 

  • Жобаны іске асыру барысында ҚР ҒЖБМ -ға мен ЖБТ-ға құқықтық кеңестер ұсыну.
  • Келісім-шарттар бойынша келіссөздерді дайындау және жүргізу.
  • Заң меморандумдарының, келісімшарттардың және өзге де заң құжаттарының жобаларын дайындау.
  • Заң мәселелері бойынша консультанттардың, ҚР ҒЖБМ, ХҚДБ өкілдерімен және жобаның басқа да стейкхолдерлерімен келіссөздер жүргізу.
  • Құқықтық және саяси құралдарды талдау.
  • Құқықтық зерттеулер жүргізу.
  • Қажет болған жағдайда ҚР ҒЖБМ, ЖБТ, Банк және реттеуші органдарда мүдделі тараптармен байланыста болу.
  • Жобаға қатысты ықтимал даулар мен шағымдарды шешу үшін құқықтық кеңес беру.
  • Қажеттілік жағдайында реттеуші органдарға заң мәселелері бойынша ақпарат беру.
  • Жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді орындауға арналған шарттарды дұрыс әкімшілендіру және бақылауды қамтамасыз ету үшін сатып алу жөніндегі маманмен келісу.

 

Тапсырманың ұзақтығы - 2024 жылғы 30 маусымға дейін, үш ай сынақ мерзімімен. ҚР ҒЖБМ және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

ҚР ҒЖБМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге мүдделілі білдіруге шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар

  • Юриспруденция, халықаралық құқық саласындағы жоғары білім; магистр, Ph.D. дәрежесі және/немесе халықаралық сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады;
  • Мемлекеттік, жеке секторда және/немесе үкіметтік емес ұйымдарда, оның ішінде шарттық құқық саласында және сот процестерінде тиісті кәсіби жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы міндетті;
  • Халықаралық жобалар мен халықаралық ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
  • Ұлттық және халықаралық құқық саласындағы терең білім;
  • Өте жақсы жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдылары;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, сондай-ақ ағылшын тілін кәсіби білу міндетті.

           

Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.

Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.

Мүдделілік білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері eduproject2022@gmail.com электрондық поштасына 2022 жылғы 18 сәуір 18:00 дейінгі мерзімде (Астана қ.уақыты) жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "Жобаны басқару тобының заңгері бос лауазымына.".

 

"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Tower" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе

E-mail: eduproject2022@gmail.com

Байланыс тел: 8 (7172) 645796

 

 

 

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ
Дата публикации
11 апреля 2023