ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ

№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ

 

 

Тапсырманың атауы:

 

Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі:

 

Жобаны басқару жөніндегі тобының әкімшілік ассистент- аудармашы

 

KZEMP/PMU/IC-27

 

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ)  2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

ҚР ҒЖБМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) әкімшілік ассистент- аудармашыcының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Әкімшілік ассистент - аудармашы Жобаны басқару тобының құрамында (Астана қаласы) жұмыс істейтін болады және Қарыз туралы келісім, Жобаны бағалау туралы құжат, Дүниежүзілік банктің сатып алу жөніндегі нұсқаулығы және Жобаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптар мен рәсімдерге сәйкес жоба бойынша барлық құжаттарды (ауызша және жазбаша) аударады, ЖБТ-ның іс қағаздарын жоспарлауда, ұйымдастыруда және жүргізуде соның ішінде жергілікті және халықаралық жеткізушілер үшін жоба құжаттарын дайындауға, хат алмасуға және логистиканы жүргізу арқылы жоба үйлестірушісіне көмек көрсететін болады.

 

Келісімшарттың ұзақтығы 2024 жылғы 30 мауысымға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Гуманитарлық немесе техникалық ғылымдардың кез келген саласындағы жоғары білім; лингвистика саласы бойынша жоғары білімі (шетел тілі/шетел әдебиеті/ аудару ісі/ағылшын тілі мұғалімі/шетел аудармашысы немесе эквиваленттің) болуы артықшылық болады;
  • аударма ісінде және әкімшілік функцияларды орындауда кемінде 3 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі;
  • ауызша және жазбаша қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі;
  • халықаралық ұйымдарда/дипломатиялық өкілдіктердегі жұмыс тәжірибесінің болуы басымдырақ болады;     
  • пайдаланушылар деңгейінде компьютермен (MS Office, Internet Explorer) жұмыс дағдысының болуы;
  • ұйымдастыру және басқарушы, қызметтік қарым-қатынас және хат хабарлар жазу, ұйымдастырушылық және жобаны таныстыру дағдысының болуы, топта жұмыс жасауға және туындаған мәселені шешу қабілетінің болуы.

 

ҚР ҒЖБМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.

Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.

Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.

Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Астана қ.уақыты) 2024 жылғы 18 сәуірге дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "ЖБТ әкімшілік ассистент- аудармашының бос лауазымына".

"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Towers" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе

E-mail: eduproject2022@gmail.com

Байланыс тел: 8 (7172) 645796

 

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ
Дата публикации
11 апреля 2023