ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ
№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ
|
Тапсырманың атауы: |
Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі: |
|
Жобаны басқару тобының (ЖБТ) 1.3 кіші құрамдауыш бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) |
KZEMP/PMU/IC-26 |
ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН
МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.
ҚР ҒЖБМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) 1.3 кіші құрамдауыш бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
ЖБТ 1.3 кіші құрамдауыш бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) (бұдан әрі – Жоғары білім беру бойынша маманы) ЖБТ құрамында (Астана қаласы) жұмыс істейтін болады. ЖБТ Жоғары білім беру бойынша маманы жобаның 1.3 "Педагогикалық білім беруді жаңғырту" кіші құрамдауыш шеңберінде іс-шаралардың орындалуын және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 1.3 кіші құрамдауыш шеңберінде іс-шараларды орындауға тартылған қосымша жалданған компаниялардың қызметін үйлестіру үшін жауапты болады.
Осы кіші құрамдауыш шеңберінде педагогикалық білім берудің жаңа моделін әзірлеу және тиісті оқу зертханаларымен және оқулық кабинеттерімен жарақтандыру арқылы педагогикалық бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарының әлеуетін күшейту көзделеді. Осылайша, мектептерге жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытуға дайындалған педагогтар келеді.
Тапсырманың ұзақтығы
Тапсырманың ұзақтығы 2024 жылғы 30 маусымға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.
ҚР ҒЖБМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.
Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.
Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Астана қ.уақыты) 2024 жылғы 18 сәуірге дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "ЖБТ 1.3 кіші құрамдауыш бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) бос лауазымына".
"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Tower" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе
E-mail: eduproject2022@gmail.com
Байланыс тел: 8 (7172) 645796