Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге аккредиттеуді жүргізу жөніндегі өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Аккредиттеу).

Аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, аккредиттеудің негіздері мен күшін жою тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

 

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.

 

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

 

Егер:

1) ұсынылған құжаттар Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;

2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;

3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;

4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.

 

Аккредиттеу туралы куәлiк бекітілген нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi.

Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11 кіреберіс, 861 кабинет.

Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық мекенжайға жіберуге болады l.kairbek@edu.gov.kz.

Анықтама телефоны: 74-20-37, 87017071657.

 

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
Дата публикации
24 января 2023