Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес жоғары білім және ғылым саласында 25 қызмет көрсетіледі.
Тізілімге сәйкес 25 қызметтің 5 (20 %) қызметі «электрондық үкімет» порталында электрондық түрде көрсетілуге жатады, 17 (68 %) мемлекеттік қызметтің баламалы нысаны бар, 3 (12 %) қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің қағаз нысанын ғана сақтайды.
Толық автоматтандырылған 5 мемлекеттік қызмет: «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру; Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру; Білім туралы мәліметтерді өзектендіру, Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
Ішінара автоматтандырылған 17 мемлекеттік қызмет: Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау; Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету; «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру; Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау, Шетелде академиялық ораламдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау; Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру; Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру; Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру; Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою; Жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну.
Қағаз түрінде 3 мемлекеттік қызмет: Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау; Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу; «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу.
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 940,356 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 921,773,
заңды тұлғаларға – 18,583. 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар саны 14,376 құрайды, оның ішінде 7626 - жеке тұлғалар, 6750 - заңды тұлғалар.
Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:
- білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім туралы құжатты беру фактісін растамау не тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;
- ұсынылған құжаттардағы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы;
- мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың теріс қорытындысы.
Министрліктің халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтері:
- Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
- Білім беру гранттарын беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;
- Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру;
- Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана бе