«Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы

«Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің

бұйрық жобасына анықтама

 

 

«Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – жоба) Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.

Осы жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша бюджет қаражатын талап етеді (жобаны іске асыруға шығыстар РБК 2022 жылғы
14 шілдедегі № 13 шешімімен мақұлданды).

Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) http://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылған.

Жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында
2022 жылғы 21 қарашада орналастырылған. Комментариилер – 6, оларға уақтылы түсініктемелер берілді. 

Жобаны Министрліктің Қоғамдық кеңесі 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 5 ескертулерсіз келісті.

 

 

 

Дата публикации
01 декабря 2022