Правила отбора претендентов и прохождения научных стажировок, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2022 года № 791

Ғылыми тағылымдамадан өтуді

іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулығы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуі үшін бағалау парағының үлгілік нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Министр                                                                                       С. Нұрбек

 

Дата публикации
05 декабря 2022