Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

 Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеудің басым бағыттарының тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тамақтануға, тұруға, оқу әдебиетін сатып алуға, сондай-ақ тұратын жерінен тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыстар нормалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту туралы есептің нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен мамандарды даярлауға жұмыс берушінің өтінім нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің сауалнама нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттың нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес конкурс жеңімпаздарымен ғылыми тағылымдамадан өтуге, ғылыми тағылымдамадан өтуге даярлықты ұйымдастыруға, ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының орындалуын мониторингтеуге және конкурс жеңімпаздарының еңбек қызметін (еңбекпен өтеуді) жүзеге асыруға, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) қоса алғанда, ғылыми тағылымдамадан өту туралы Республикалық комиссия шешім шығарған күннен бастап конкурс жеңімпазына жұмсалған шығыстарды қаржыландыруға, өтеуге шарт жасасу қағидасы;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес конкурс жеңімпаздарының ғылыми тағылымдамадан өтуіне жұмсалған, сондай-ақ әкімші алдында қаржылық берешегі бар адамдардың бюджет қаражатын қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы

 

К. Акатов

Дата публикации
01 декабря 2022