ҚР Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі конкурсы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА ЖӘНЕ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАРЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 140 бұйрығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk сайтында орналасқан.

Осы талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар                    2023 жылғы 1 наурызға дейін авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияға Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша жеке қабылданады.

Анықтама телефондары 8(7172) 74-24-84, 74-20-93, 74-16-59.

 

 

 

Дата публикации
01 декабря 2022