ҚР ҮҚ жобасы

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-баптың 5) тармақшасына сәйкес, Министрлік «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жобада арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мертiгуi салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларына конкурстан тыс білім беру гранттарын беру, сонымен қатар, «мүгедек балалар», «мүгедектер» сөздерін «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар адамдар» сөздерімен ауыстыру көзделеді.

Жоба 2022 жылғы 1 қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9208615 ).

Дата публикации
03 ноября 2022