«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына анықтама

«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық), «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыретіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлінді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Жоба «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 21-2) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту көздейді.

Білім беру ұйымдарын бағалау критерийі (бұдан әрі-критерийлер) әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әзірленді.

Критерийлер бағалау кезеңіне қойылатын талаптарды, өзін-өзі бағалау материалдарының мазмұнын, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оқу нәтижелеріне бағдарланған жоғары білім мазмұнына қойылатын талаптарды қамтиды.

Бұл жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздемейді.

Бұйрықтың жобасы «Атамекен» ҚР ҰКП, М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетіне, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Білім және ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес сараптамаға жіберілді.

Бұйрық
Дата публикации
03 ноября 2022