«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 28, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға қайта конкурс жариялайды.
Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор лауазымы бойынша:
1) ақпараттық технологиялар, техникалық немесе инженерлік білім, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, менеджмент немесе сабақтас салалар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы. IT-менеджмент, цифрлық трансформация, жобаларды немесе жылжымайтын мүлікті (активтерді) басқару саласындағы қосымша сертификаттардың болуы артықшылық болып саналады;
2) басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы;
3) IT бағытын басқарудағы немесе цифрландыру жобаларын, оның ішінде мемлекеттік органдарда немесе білім беру ұйымдарында іске асырудағы расталған тәжірибесінің болуы;
4) бюджеттеуді, объектілерді пайдалануды немесе активтерді басқаруды қоса алғанда, әкімшілік-шаруашылық басқару тәжірибесінің болуы;
5) жоғары білім беру жүйесіндегі немесе мемлекеттік сектордағы жұмыс тәжірибесі елеулі артықшылық болып саналады; жасанды интеллект технологияларымен және процестерді автоматтандырумен жұмыс тәжірибесі құпталады;
6) ұйымдарды цифрлық трансформациялаудың заманауи тәсілдері мен әдіснамаларын; ақпараттық жүйелердің архитектурасын, электрондық құжат айналымы платформаларын және LMS жүйелерін; жасанды интеллект технологиялары мен әкімшілік процестерді автоматтандыруды; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау және мемлекеттік сатып алу салаларындағы заңнамасын; жылжымайтын мүлікті басқару және ғимараттарды техникалық пайдалану негіздерін; қаржылық менеджмент пен бюджеттік жоспарлау негіздерін; өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды білуі.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар жіберілмейді:
1) жиырма бес жасқа толмаған адамдар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар;
3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар адамдар;
4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат Қоғамның корпоративтік хатшысына қағаз және электрондық жеткізгіштерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3×4 өлшеміндегі түрлі түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:
– Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. Бұл талап Қазақстан Республикасының азаматтары – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарға, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылуына жататын құжаттарға қолданылмайды;
– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылуына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) қазіргі немесе соңғы жұмыс орнының кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан алынған анықтама (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
7) құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан алынған анықтама (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
8) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүргізген, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде конкурсқа қатысушылар 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар біліміне, еңбек тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды және олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Әңгімелесудің күні, уақыты, орны және форматы конкурсқа жіберілген кандидаттарға қосымша хабарланады.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 080000, Тараз қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 28, бас корпус, 210-кабинет, Қоғамның Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы Джабаилдаева Гульнар Токсанбаевна. Тел.: +7 707 171 32 47. Электрондық пошта мекенжайы: g.jabaildayeva@kaznuvhi.edu.kz.