«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректорының бос лауазымына орналасуға конкурс

«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38 мекенжайында орналасқан, «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Негізгі қызметінің мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

Қызметінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби тұрғыдан орнығуына бағытталған сапалы білім алу, оқыту және оқыту үдерісіне қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) ғылым кандидаты немесе докторының ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы, ғылыми атағының болуы (артықшылық беріледі);

2) кемінде 10 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесінің, оның ішінде білім және ғылым саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білуі;

4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;

5) көшбасшылық, креативтілік, инновациялық, сыни ойлау қасиеттері, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

6) қазақ және орыс, ағылшын (артықшылық беріледі) тілдерін меңгеруі;

7) ғылым және жоғары білім беру саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару бағыттары бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының (куәліктерінің) болуы артықшылық болып табылады.

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;                 

3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, оның ішінде ғылым кандидаты немесе докторының ғылыми дәрежесін, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы құжаттардың, сондай-ақ ғылыми атағының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері (артықшылық беріледі), түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсыну арқылы:

- Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, Қазақстан Республикасының азаматтары – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері шетелдік жоғары оқу орындарынан, ғылыми орталықтар мен зертханалардан алған білім туралы құжаттарды, сондай-ақ білім туралы құжаттарды өзара тану және теңестіру туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын құжаттарды қоспағанда;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- білім туралы құжаттарды өзара тану және теңестіру туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

4) белгіленген нысандағы өлшемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылым және жоғары білім беру саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару бағыттары бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмелері, түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсыну арқылы;

7) Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) көшірмелері (артықшылық беріледі);

8) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білетінін; стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының бар екенін, сондай-ақ көшбасшылық, креативтілік, инновациялық, сыни ойлау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік сияқты қасиеттерінің бар екенін сипаттайтын біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және өзге де мәліметтердің көшірмелері;

9) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);

10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

12) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат;

13) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы.

Қоғамды дамыту бағдарламасының мазмұны мыналарды қамтуы тиіс:

1) Қоғамның 5 жылға арналған негізгі даму бағыттары бойынша миссиясы, пайымы, құндылықтары және даму перспективалары, Қоғамның бекітілген құжаттарына және мемлекеттік мүдделер мен міндеттерге (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары) сәйкес келуі;

2) Қоғамның бекітілген құжаттарын іске асырудың қазіргі жай-күйін талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсатын) және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді көрсету);

3) Қоғам тап болатын және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, проблемалар, шешімдердің сабақтастығы);

4) конкурсқа қатысушы ұсынған Қоғамды дамыту бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

Қоғамды дамыту бағдарламасы көлемі 10 слайдтан аспайтын PowerPoint форматындағы презентация түрінде ресімделуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне жеткізу қажет. Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрлiктер үйі, 11-кіреберіс (643-каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26, 74-20-38, 74-19-16, 74-27-25.

Дата публикации
14 сентября 2026