2025 жылы Білім беру бағдарламаларының тізіліміне (бұдан әрі – ББ) 8 637 білім беру бағдарламасы енгізілді, оның ішінде деңгейлер бойынша (бакалавриат – 4 301 ББ, магистратура – 3 409 ББ, докторантура – 927 ББ). Тізілімге енгізілген бағдарламалардың жалпы санының ішінде 7 382 ББ кәсіби стандарттарды ескере отырып жаңартылды, бұл 85,5%-ды құрайды.
Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша 1 903 ББ-ның 1 854-і немесе 97,4%-ы кәсіби стандарттар негізінде әзірленген; «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру саласы бойынша 558 ББ-ның 549-ы (94,5%) кәсіби стандарттарды ескере отырып әзірленген.
Бағдарламаларды жаңарту жоғары оқу орындары тарапынан білім беру қызметтері нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.