Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі мен технологиялық даму деңгейін бағалауға бағытталған ауқымды сауалнаманың басталғанын хабарлайды.
Сауалнаманы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп enbek.kz платформасында жүргізіледі.
Сауалнаманың мақсаты – кәсіпорындардың инновациялық қызметіне кешенді түгендеу жүргізу, олардың технологиялық жетілу деңгейін айқындау және елдегі инновациялық белсенділікті ынталандыру бойынша тиімді шараларды қалыптастыру.
Сауалнамаға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://enbek.kz/ru/anketa-inovations.
Сауалнама 2026 жылғы 25 мамырға дейін өткізіледі.
Министрлік бизнес-қоғамдастықты, салалық ұйымдар мен мемлекеттік органдарды бастаманы қолдап, ақпаратты кәсіпорындар арасында кеңінен таратуға шақырады.
Сауалнама нәтижелері инновациялық экономиканы дамытуға және отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеудің негізі болады.