Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
Сауран ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кеңейтілген жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары және мүдделі сала басшылары қатысты.
Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың қазіргі жағдайы, оның алдын алу шаралары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Аудан әкімі құқық қорғау және білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
Аудан прокуроры Алмаз Асылбеков құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған мобильдік топтардың маңыздылығына тоқталып, олардың жұмысының нәтижелілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарын талқылап, алдағы міндеттерді айқындады. Бұл бағытта білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдарының тығыз байланыста жұмыс істеуі маңызды екендігі айтылды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі