АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сауран ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің кеңесшісі лауазымына Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы тағайындалды.
Мұхамеджан Ергешбайұлы 1983 жылы 31 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1989-1997 жылдар аралығы Түркістан қаласындағы М.Мәметова атындағы жалпы орта мектепте білім алып, 1997 жылы Шымкент қаласындағы «Кәусар» гимназиясын тәмамдаған. 2003-2008 жылдары Шымкент қаласындағы «Халықаралық Қазақ-араб» университетінің дінтану мамандығын бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Түркістан қаласындағы «Үш Арыс» мешітінде бас имам болған. 2004-2005 жылдары Шымкент қаласында «Дар Аль-Арқам» Құран жаттау, қариялар даярлау медресесінің құран пәні тәрбиеші ұстазы. 2005 жылы «Алмас Жол» ЖШС мекемесінде басшы, 2006-2007 жылдары «Жүк тасымалдау» мекемесінде басшы қызметтерін атқарған.
2007-2008 жылдары «Югдорсервис» ЖШС бөлім басшысы, 2008-2009 жылдары Түркістан қаласындағы №21 кәсіптік лицейінде экономика пәнінің мұғалімі болды. 2009-2010 жылдары Алматы қаласындағы «Абу Ханифа» медресесінде шәкірт, тәлімгер, 2010-2011 жылдары Астана қаласында Сыртқы істер министрлігі «Астана қаласының эксплуатациялық ғимараттар бөлімшесі» қызметінің сарапшысы қызметін атқарды.
2011-2012 жылдары Сыртқы істер министрлігі «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы» бас сарапшысы, 2012-2015 жыл аралығы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет орталығы өкілінің аудармашысы және көмекшісі болды. 2015-2019 жылдары жеке кәсіпкер. 2019-2020 жылдары «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Түркістан облысы, Түркістан қаласы «Хилует» орталық мешітінің наиб имамы. 2020 жылы 5 наурызынан бастап, Түркістан қаласындағы «Нәзір Төреқұлов» мешітінің бас имамы болды. 2020-2021 жылдары ҚМДБ Түркістан облысының «Яссауи» орталық мешітінің наиб имамы, 2021 жылдың 22 қазан айынан наурыз айының 13-не дейін Түркістан қаласының бас имамы қызметін атқарған.